RU

Нұр-Сұлтанда баспанаға құжат қабылдау басталады

Пәтер
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтанның Тұрғын үй орталығы 2-9 желтоқсан аралығында "халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары" үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталатынын жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Барлығы 309 пәтер бөлінді, оның ішінде:

  • 165 бір бөлмелі пәтер (34-36 шаршы метр);
  • 141 екі бөлмелі пәтер (48-51 шаршы метр);
  • 3 үш бөлмелі пәтер (68 шаршы метр).

Орналасқан жері: Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай, Сарыбұлақ өзенінің бойындағы тұрғын үй кешені – Лот Б-7.

Әлеуметтік әлжуаз топтарға кімдер жатады:

  • жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түріне шалдыққан азаматтар;
  • жасы бойынша зейнетке шыққандар;
  • жетім балалар;
  • қандас;
  • экологиялық апат салдарынан баспанасынан айырылғандар;
  • қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары;
  • толық емес отбасылар.

Айта кетсек, 309 пәтердің 93-і жетім балаларға қарастырылып отыр.

Құжат тапсыру шарттары

Өтініш 2-9 желтоқсан аралығында қабылданады.

Құжат қабылдау zhilfond.kz сайты арқылы ("Онлайн қызметтер" бөлімі – "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға өтініш беру") тек электронды түрде жүргізіледі.

Пәтер "Халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы" санаты бойынша елордада баспана кезегінде тұрғандарға ғана беріледі.

Ай сайынғы жалға алу құны – 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейінгі аралықта.

Қалай тапсыруға болады

  • ЭЦҚ кілті;
  • балалардың туу туралы куәлігі/отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;
  • өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болған жағдайда).

Өтініштерді қарау нәтижесі zhilfond.kz сайты мен Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде тұрғын үй бағасы ең қымбат және ең арзан қалалардың рейтингі жарияланған еді.

Оған қоса, еліміздегі жылжымайтын мүлікті сату мен жалға беретін сайт Тараздағы сатылымға қойылған ең қымбат пәтерлердің рейтингін жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887147-nr-sltanda-baspanaga-kzat-kabyldau-bastalady/