RU

Елорда қайтадан коронавирустың "сары" аймағына кірді

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан коронавирустың "сары" аймағына кірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, елорда "жасыл" аймақта небәрі бес күн – 24-29 қараша күндері ғана болды.

Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы таратқан ақпаратқа сәйкес, дүйсенбі, 30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "сары" аймаққа тағы енген.

Сонымен қатар, "сары" аймақта оңтүстік астана да тұр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі елде вирус жұқтыру деңгейі өткен аймен салыстырғанда 3,7 есеге өскенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, қатаң шектеу шаралары енгізіліп жатқан "қызыл" аймақта 5 өңір қалып отыр. Олар:

  • Шығыс Қазақстан облысы,
  • Солтүстік Қазақстан облысы,
  • Павлодар облысы,
  • Қостанай облысы,
  • Ақмола облысы.

Cонымен қатар, Алексей Цой елде желтоқсан - қаңтар айында карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтқан еді.

"Қазіргі сценарийге қарап отырып, желтоқсан-қаңтар айында карантин шараларын күшейту мүмкіндігін көріп отырмыз. Барлығы жағдайды қалай басқаратынымызға байланысты болмақ. Қазіргі уақытта ауру өршіген өңірлерде қайта бәсеңдеу байқалады. Мәселен, ШҚО қазір қалыпқа келтіру, тіпті, төмендеу сатысына шықты. Жағдайды бақылауда ұстаймыз, дегенмен өсу бар. Бастысы, басқара алсақ болды. Қазір уайымдаудың қажеті жоқ, бәрі бақылауда",- деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887153-elorda-kajtadan-koronavirusty-sary-ajmagyna-kirdi/