RU

Стамбулға ұшқан ұшақ Ақтауға оралды: емізулі баланың жағдайы нашарлаған

Ұшақ салоны
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтау-Стамбул рейсімен ұшқан ұшақ жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлаған соң әуежайға қайта оралған. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасында пациенттің жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпарынша, жедел жәрдемнің кезекші станциясына Ақтау халықаралық әуежайынан қоңырау келіп түскен. Осылайша, алты айға да толмаған баланың естен танып қалғаны белгілі болған.

"Алдын ала диагноз: ЖРВИ: Гипертермикалық синдром. Ұстамадан кейінгі жағдай. Бронхолық пневмония",- деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасында

Ақ халаттылар бригадасы тез арада баланы ауруханаға жеткізді. Онда сәбиді кезекші реаниматолог қабылдап, анестезиология мен жедел терапия бөліміне жатқызды.

"Тексеруден кейін дәрігерлер жедел екі жақты ауруханадан тыс пневмония, ауыр курс диагнозын қойды.ЖТЖ 2-с. ЖЖЖ 1- 2с. Қабылдау кезінде баланың жағдайы өте ауыр болды, бірден ӨЖЖ аппаратына қосылды", - деп атап өтті ведомстводан.

Ведомство кішкентай бала мен оның ата-анасы Орал тұрғыны екенін атап өтті. Олар Түркияға ұшқан. Жақындарының сөзінше, баланың бортта ұстамасы ұстаған, сондықтан командир шешімімен ұшақ Ақтауға оралған.

"Қазіргі уақытта жедел реанимациялық шараларға қарамасан, баланы жағдай ауыр, тұрақсыз. Ұстамасы жиі қайталанып жатыр", - деді ведомство.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтау – Стамбұл бағытындағы ұшақ әуеге көтерілген соң бір жарым сағаттан кейін ұшып шыққан әуежайға қайта оралғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887194-stambulga-skan-sak-aktauga-oraldy-emizuli-balany-zagdajy-nasarlagan/