Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында екі адам тірідей өртеніп кетті

Опубликовано:

ШҚО-дағы өрт
Фото: Видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Белоусовка кентінде жеке тұрғын үйден өрт шығып, нәтижесінде екі адам қаза тапты. Егде жастағы ерлі-зайыптылар жалын басқан баспанадан шыға алмай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ ШҚО ТЖД ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, төтенше жағдай 30 қараша күні сағат 06: 37-де Белоусовка кентінде Бейбітшілік көшесінде орын алған. Құтқару бөлімшелері келген кезде төбелік жабындар, қабырғалар, жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттар ашық жалынмен өртеніп кеткен.

Өрт сөндірушілер барлау барысында жанып жатқан үйден 1948 жылы туған үй иесі мен оның 1948 жылғы әйелінің мәйіттерін тапты. Олар жалпы ауданы 70 шаршы метр өртті сөндіріп, өрт шыққан үйден 2 газ баллонын шығарды.

Анықталғандай, өртті сөндіруге жеке құрамнан 9 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің алдын – ала нұсқасы темекі шегу кезінде отпен абайсыз болу себебі пысықталуда. Төсектің астынан еденнің күйген орны табылды, ол өрт сөндірілмеген темекіден басталғанын білдіреді.

ШҚО ТЖД ағымдағы жылдың басынан бері өртте тұрғын үй секторында 46 адам қаза тапқанын азаматтардың назарына жеткізеді. Қайғылы оқиғалардың негізгі пайызы тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауымен байланысты. Мұндай ұқыпсыз мінез-құлықтың мысалдары қорқынышты жүйелілікпен орын алып келеді.

ТЖД өкілдері облыс орталығыныда апта сайын болып жатқан өрттердің басым бөлігі қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайтын темекі шегушілер мен үй иелерінің кесірінен орын алып жатқанын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1887203-sygys-kazakstan-oblysynda-eki-adam-tiridej-rtenip-ketti/

pixel