RU

"Туыстары апарып тастаған": Мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кетті

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен деп жазады РИА Новости жергілікті The Standart басылымына сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Питер Киген үйде есінен танып құлаған соң туыстары ауруханаға жеткізген. Жақындарының сөзінше, бірнеше сағаттан кейін медицина қызметкерлері оның ауруханаға жеткенше көз жұмғанын хабарлайды.

Алайда дәрігер Гирберт Черуйотаның сөзінше, Питердің туысқандары өздері оны өлді деп санаған. Аурухана қызметкерлері пациенттің жағдайын тексеру үшін уақыт керек екенін жеткізген, ал олар ақ халаттыларды айыптап, марқұмның денесін мәйітханаға өздері жеткізген.

Мәйітханада жұмыс істейтіндер ер адамды бальзамдауға дайындап жатқан кезде оның қимылдағанын байқапты. Содан кейін оны палатаға ауыстырған. Бірнеше күннен кейін ол ауруханадан шығады.

Питердің айтуынша, туыстары оны өлдіге санап, мәйітханаға жібергенін білгенде қатты таңғалған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты "Қалалық патологоанатомиялық бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Youtube желісіндегі парақшасында Алматыдағы мәйітхана директорын ұстау операциясының видеосын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887215-tuystary-aparyp-tastagan-mjithanada-zatkan-er-adam-tirilip-ketti/