RU

Ақтауда кемені қайта пайдаланудың соңы қайғылы жағдайға ұшырай жаздады

Ақтау
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

Ақтауда кемені бөлшектеу үшін ашық теңізге аттанған жеті жұмысшыны ТЖД қызметкерлері құтқарып қалды. Олар теңіз жағалауының мұздануына байланысты үш күн бойы ашық теңізде болған деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД ресми Instagram парақшасы.

26 қараша күні «Металлист Р» ЖШС қызметкерлерінің 7 адамы жағалаудан 11 км қашықтықта орналасқан «Нехти» теңіз кемесін кәдеге жарату бойынша жұмыстарды жүргізу үшін «Арман БК» ЖШС кен орнына қарай «Байда» моторлы қайығымен теңізге шықты (Иранның тасталған кемесі, шамамен 10 жыл жоғарыда көрсетілген ауданда орналасқан).

Теңіз жағалау бетінің мұздануы нәтижесінде «Металлист Р» ЖШС қызметкерлері 3 тәулік бойы жағаға шыға алмады. Маңғыстау облысы ТЖД тарапынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарын құтқару бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Осы мақсатта ұшу құрамының 5 әскери қызметшісі бар ҚР Қорғаныс Министрлігінің Ақтау қаласындағы әуе базасының әуе кемесі (Ми-8 тікұшағы) жұмылдырылды.

Сондай-ақ, шақырылған жерге құрамында 6 құтқарушы, 1 бірлік техника және 2 жүзу құралы бар Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. 29 қараша күні шамамен 19:00-де әскери және құтқарушылардың жоғары кәсіпқойлығының нәтижесінде 7 адам қауіпсіз жерге (жағалауға) жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар жылы киіммен және азық-түлікпен қамтамасыз етілді",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақтау-Стамбул рейсімен ұшқан ұшақ жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлаған соң әуежайға қайта оралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887222-aktauda-kemeni-kajta-pajdalanudy-soy-kajgyly-zagdajga-syraj-zazdady/