Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйдегі розетка адамға қандай қауіп төндіреді: Арнайы сарапшы жауап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

"Экология жизненного пространства" зертханасының директоры, сарапшы Антон Ястребцев электромагниттік сәуленің зиянын қалай азайтуға болатынын айтты деп жазады Sputnik Радиосы.

Сарапшының айтуынша, адам электромагниттік сәулелермен жиі ұшырасады.

Ол бірте-бірте орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін, дейді Ястребцев.

"Эндокриндік, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге зақым келтіруі ғажап емес. Электромагниттік сәулелерден құтылу қиын, себебі біздің айналамыз электр құрылғыларына толы, бірақ оның теріс әсерін барынша азайтуға болады", - деді білікті маман.

Ястребцев бұл үшін розетканы жерге тұйықтау керек, деген пікірде. Әйтпесе, тоққа қосылған кез келген құрылғы электромагниттік сәулелердің көзіне айналады екен.

Сонымен қатар, оның сөзінше, катушкаға оралған ұзартқыштан шығатын электромагниттік сәулелердің де әсері өте күшті. Сол себепті оның сымдары шатасып кетпес үшін орамаған абзал және бір мезетте бірнеше құрылғы қосуға болмайды, дейді сарапшы.

Ястребцев пәтердегі сәулеленудің ең күшті көзі электр қалқанынан тартылған сыртқы кабель екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Аргентинаның Конкордиа қаласында тұратын 8 жасар бала телефонын қуаттау кезінде тоққа түсіп қайтыс болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887226-jdegi-rozetka-adamga-kandaj-kauip-tndiredi-arnajy-sarapsy-zauap-berdi/

pixel