Тоқаев ел абыройын асқақтатқан Қарақат Башанова туралы сөз қозғады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Junior Eurovision - 2020 байқауында екінші орынға ие болған Қарақат Башанованы құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы ел президенті Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.
"Қарақат Башанованы "Балалар Евровидениесі – 2020" байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision - 2020 ән байқауында екінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз.
Бірінші орын Франция өкілі Валентинаға бұйырды. Дауыс беру нәтижелері бойынша ол 200 балл жинаған. Қарақатта -152 балл. Үздік үштікті испаниялық Солеа қорытындылаған (133 ұпай).
Қарақат Башанова "Мәңгілік" әнін 7 жасында жоғалтқан әкесіне арнаған. Композицияның авторы қазақстандық композитор Хамит Шанғалиев. Ол өткен жылы осы байқауға Қазақстанның атынан қатысқан Ержан Максимге де ән жазған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887230-tokaev-el-abyrojyn-askaktatkan-karakat-basanova-turaly-sz-kozgady/