RU

Қазақстанның оңтүстігінде қару мен есірткіні таксимен тасымалдаған азамат ұсталды

Такси
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысының полицейлері такси жолаушысынан есірткі затын тапты деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаменті.

Сарыағаш АПБ-нің патрульдік полиция инспекторлары рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында күмән тудырған автокөлікті тоқтатады. Сондай-ақ көлік жүргізушісінен құжаттарын сұрап, тексеру кезінде автокөліктің ішінен 1 дана аңшы мылтық пен көлікте отырған жолаушы ер азаматтың қалтасынан пакетке оралған хош иісі бар есірткіге ұқсас өсімдікті заттай дәлелдеме ретінде тәркілеп алды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі салмағы шамамен 3 грамм болатын "кептірілген марихуана" болып шықты. Осы оқиға бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз сақтағаны, сатқаны және өсіргені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.

Айта кетейік, Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери салаға қатысы жоқ адамдарға камуфляж киюге қандай жағдайда тыйым салынатынын және форманы заңсыз кигені үшін айыппұл төлемеу үшін нені білу керектігін айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887241-kazakstanny-otstiginde-karu-men-esirtkini-taksimen-tasymaldagan-azamat-staldy/