RU

Алмазбек Атамбаевқа шыққан үкім күшін жойды

Алмазбек Атамбаев сот отырысында
Фото: 24.kg

Жоғарғы Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты "заңдағы ұры " Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша екі инстанция үкімін жойды.

АКИpress ақпарынша, сот үкімі 30 қараша күні шыққан.

"Қылмыстық іс қайта қарастыруға Первомай аудандық сотына соттың өзге құрамымен жіберілсін",- деп келтіреді басылым шешімді.

Еске салсақ, Атамбаев 2019 жылдың тамыз айынан бастап ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің тергеу изоляторында қамауда болған.

26 қазан күні ол өзін "өлім жазасына кесілгендер жазасын өтейтін колонияға" ауыстырғаны үшін аштық жариялаған болатын.

2020 жылдың жазында Бішкек аудандық соты қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісіне қатысы бар деп айыпталған Атамбаевты 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырған еді.

Сот Атамбаевтың мүлкін тәркілеп, оны мемлекеттік наградалары мен атақтарынан айырды. Артынша Бішкек қалалық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Одан бөлек, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 6 қазан күні түнде Бішкектегі митинг кезінде МҰҚК-дегі тергеу изоляторынан босатылған еді.

Экс-президент биылғы жылдың маусымында криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Кейін Алмазбек Атамбаевтың қайта ұсталған сәтінен видео жарияланды. Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаева «Известия» басылымына күйеуінің қалай тұтқындалғаны туралы айтып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887245-almazbek-atambaevka-sykkan-kim-ksin-zojdy/