RU

Павлодарда анасы көшеге тастап кеткен бір жасар бала әжесіне берілді

Бала
Көрнекі фото: prime.md

Павлодарда анасы көшеде қалдырып кеткен бала әжесіне берілді. Мамандардың сөзінше, бүлдіршінге ұзақ медициналық бақылау керек болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала ауруханаға дене қызуымен түскен. Алайда келесі күні оның денсаулығы қалыпқа түскен.

Балаға жеңіл тұмау тигені анықталды, сол себепті оны емдеу мекемесінде ұстауға себеп болмапты. Ал бүгін балақай ауруханадан шығарылған.

Бастапқыда оны нәрестелер үйіне тіркеу үшін құжаттар дайындайды деп жоспарланған. Бірақ баланы әжесі алып кеткен.

Ведомствоның хабарлауынша, баланы полицияның анықтамасымен берген. Жағдайы қанағаттанарлық.

Еске сала кетсек, 26 қарашада сағат 21:00 шамасында Павлодар қаласындағы трамвай аялдамадан кішкентай бала табылған еді.

"VITA Павлодар қаласының іздеушілері" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, оларға бүлдіршіннің әжесі қоңырау шалған.

Еріктілер сол арқылы баланың анасын тауыпты. Бөбектің есімі - Батыр.

Айта кетейік, Жетісайда екі бала өздерін ұрған туған анасынан қашып кеткенін жазған болатынбыз.

Жасөспірімдер таныстарынан көмек сұрап, ол дабыл қаққан. Әкімдік кәмелетке толмағандардың тағдырын шешу үшін комиссия құрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887257-pavlodarda-anasy-ksege-tastap-ketken-bir-zasar-bala-zesine-berildi/