Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бірнеше жол жабылып қалды

Опубликовано:

көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында ауа райының нашарлауы салдарынан бірнеше тас жол жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегінше, 30 қараша, сағат 18:30-дан бастап обоыстық маңызы бар "Қошқар ата - Жарықбас - Бірлік" КХ-1 тас жолындағы қозғалыс нөлден 77,4 шақырымға дейінгі учаскеде жабылды.

Сағат 19:00-ден бастап "Ұланбел - Созақ - Екпінді" КХ-2 тас жолының 577 шақырымынан бастап 642 шақырымына дейін жол жабық. Аталған аумақ Бәйдібек би және Созақ аудандарында орналасқан.

Сонымен бірге "Көксәйек - Ақсу - Шаян - Мыңбұлақ" КХ-3 тас жолының 89 шақырымынан бастап 117 шақырымына дейін, Бәйдібек би ауданындағы жол жабылған.

Жоғарыда аталған аймақтар метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты автотранспорттығ барлық түрі үшін жабық. Бұл аумақтарда қазір боран, бұрқасын, көктайғақ болып тұрғаны хабарланды.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы салдарынан Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолында жүзден астам автокөлік кептеліп қалды.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 51 адамды құтқарған, соның 12-і бала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887261-trkistan-oblysynda-birnese-zol-zabylyp-kaldy/

pixel