Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте 68 қазақстандық коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар 68 пневмония жағдайы тіркелді деп хабарлайды "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК"-тың Telegram-дағы ресми арнасы.

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке сәйкес, өткен тәулікте елімізде 68 жағдай тіркелген. Бір тәулік ішінде 27 адам жазылып шыққан, ал ковидтік пневмониядан қайтыс болғандар жоқ.

Сонымен қатар, COVID-19-дан қайтыс болғандар туралы белгілі болды. Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам қайтыс болды деп хабарлайды денсаулық министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы.

Статистика
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Министрлік Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жаңа ақпараттармен бөлісті.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 444 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 232 адамның денсаулығы нашар. Соның ішінде 30 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – делінген министрліктің жазбасында.

Еске салсақ, Қазақстанда 30 қарашада COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 689 адам тіркелген. Бүгінде ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 132 348-ге жетіп отыр.

Оған қоса, белгілі ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников өлім-жітім көп болатын індетке алдын ала дайындалу қажет екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887273-tken-tulikte-68-kazakstandyk-koronavirus-belgileri-bar-pnevmonia-zktyrgan/

pixel