Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортацияланды

Опубликовано:

ұшақ борты 654
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортацияланды. Бұл туралы "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК"-тың Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

2020 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

1 169 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 960 адам, анықтамасыз 209 адам - ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 762 жолаушы, анықтамамен - 616, анықтамасыз - 146.
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 285 жолаушы, анықтамамен - 234, анықтамасыз - 51;
  • Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 122 жолаушы, анықтамамен - 110, анықтамасыз - 12.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша Мысырдан ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, Минскіден ұшып келген Молдова мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.

Еске салсақ, Қазақстанда 30 қарашада COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 689 адам тіркелген. Бүгінде ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 132 348-ге жетіп отыр.

Оған қоса, өткен тәулікте коронавирус белгілері бар 68 пневмония жағдайы тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887285-nr-sltanda-merzimi-tken-ptr-anyktamasymen-kelgen-eki-setel-azamaty-deportacialandy/

pixel