Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында үш тонна мұнай төгілді

Опубликовано:

Мұнау төгілген жер
Фото: "Хабар 24" арнасы

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында 3 тонна мұнай қалдығы жерге төгіліп қалған деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Алдын ала ақпарат бойынша жеке компанияға тиесілі мұнай тасымалдайтын көлікпен 10 тонна шикізат тасымалдап бара жатқан 1995 жылғы жүргізуші көлік бортын ашып жіберген. Салдарынан 10 шаршы метр жерге мұнай қалдығы төгіледі. Оқиға Жұмажанов атындағы ауылдық округі маңында болыпты. Енді қоршаған орта мен жер қатпарына қаншалықты зиян келгенін экологтар анықтайтын болады.

"Қазіргі таңда қалдықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Толығымен тазалап, аяқтауға жақынбыз. Барлық материалдар жиналып, құзырлы органдарға жіберіледі", – деді Мұқажан Жұмажанов ауылдық округінің әкімі Думан Бүкірбаев.

Еске салсақ, Қарағанды ​​мен Шахтинск арасындағы тас жолда қалааралық автобус аударылып қалды. Жолаушылардың бірі ауруханаға жатқызылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобустың аударылуына өзге көліктің жолдың қарсы бағытына шығып кетуі себеп болған. Mercedes-Benz жылдамдықпен автобусқа соқтығысып, автобус жол жиегіне ұшып кеткен.

Оған қоса, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған еді.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барасында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургия комбинатындағы мырышпен және алюминиймен қаптау цехының жұмысымен танысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887286-karagandy-oblysynda-s-tonna-mnaj-tgildi/

pixel