RU

Түркістандағы Hazret Sultan əуежайы алғашқы жолаушыларды қабылдады

Ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Тұңғыш Президент күніне орай Түркістандағы Hazret Sultan халықаралық əуежайы Нұр-Сұлтан-Түркістан бағытындағы алғашқы рейсті қабылдады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Елордадан ұшып шыққан бортында 180 жолаушысы бар алғашқы ұшақ жаңа ғана жерге аман-есен қонды. Әуежай құрылысы жақында ғана аяқталды. Авиациялық әкімшілігінің инспекторлары әуе айлағына сертификаттық тексеру жүргізді. Комиссия ұшу алаңы мен өндірістік базаны, қызметкерлерінің жасақталуы мен әуежайды жарақтандыруды, техникалық база мен жабдықтардың құжаттамасын тексерді. Нәтижесінде әуежай ұшып-қону жарамдылығының сертификатын алды.

Алдағы уақытта Түркістаннан Нұр-Сұлтанға аптасына 6 рейс, ал Алматыға 4 рейс жиілікпен әуекомпаниялары әуе рейстерді орындайды. Еліміздің өзге қалаларына, шет елдерге, соның ішінде Түркияның Ыстамбұл қаласына әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Түркістан халықаралық әуежайы ең тез салынған әуе кемелерінің айлағы ретінде тарихта қалады.

Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихында да алғашқы салынған жаңа әуежай саналады. Жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы – 3300 м, ал ені – 45 м. Жалпы аумағы – 905 гектар. Жалпы әуежай сағатына – 450, ал жылына 3 миллион жолаушы қабылдауға қауқарлы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласына барғанын жазған едік.

Айта кетейік, Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1887311-trkistandagy-hazret-sultan-uezajy-algasky-zolausylardy-kabyldady/