
Қазақстанда осы жылдың бірінші желтоқсанынан бастап қандай өзгерістер орын алады. KAZ.NUR.KZ порталы маңыздыларын назарларыңызға ұсынады.
Петропавлда электронды билет іске қосылды
2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының орталығында қоғамдық көлікте байланыссыз төлем әдісі пайда болды.

Электронды билеттердің біртіндеп жүргізілетіні белгілі болды. Бастапқыда жүйе № "27", "16", "26м", "6" автобустарында іске қосылады.

42 500 теңгеге өтінім қабылдау аяқталды
Аудандық (қалалық) штабтар 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімді қайта қарауға өтініш қабылдады.

Түркістандағы халықаралық әуежай ашылды
Тұңғыш Президент күніне орай Түркістандағы "Хазірет Сұлтан" халықаралық əуежайы алғашқы рейсті қабылдады.

Түркістан халықаралық әуежайы тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы салынған жаңа әуежай саналады.
Жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы – 3300 м, ал ені – 45 м. Жалпы аумағы – 905 гектар. Жалпы әуежай сағатына – 450, ал жылына 3 миллион жолаушы қабылдауға мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысқан болатын.

Нұр-Сұлтан қаласының вокзалындағы 15 минуттық тегін тұрақ
1 желтоқсаннан бастап "Нұр-Сұлтан 1" вокзалының тұрақ аумағында көлікті тегін қою уақыты 15 минутты құрайды. Әрі қарай тұрақ ақылы болады. Бұрын тегін тұру уақыты 30 минут болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қараша айынан бастап Қазақстанда не өзгеретінін жазған болатынбыз.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1887330-elimizde-birinsi-zeltoksannan-bastap-ne-zgeredi/