RU

Елімізде тағы 770 адамнан коронавирус анықталды

Бетперде
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 770 адам тіркелген. Қазіргі уақытта ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 133 118-ге жетті деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 66

Алматы қаласы - 42

Шымкент қаласы - 9

Ақмола облысы - 90

Алматы облысы - 29

Атырау облысы - 25

Шығыс Қазақстан облысы - 141

Жамбыл облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 29

Қарағанды облысы - 20

Қостанай облысы - 84

Қызылорда облысы - 1

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 106

Солтүстік Қазақстан облысы - 107

Түркістан облысы - 57.

Сонымен қатар өткен тәулікте 499 адам індеттен жазылған. Осылайша қазіргі уақытта ел бойынша коронавирустан жазылғандар саны 117 362-ге жетіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда мерзімі өткен ПТР анықтамамен келген екі шетел азаматы депортацияланғанын хабарлаған едік. Жолаушылар Минскіден ұшып келген Молдова мен Қырғызстан азаматтары.

Сондай-ақ коронавирусқа байланысты Камбоджада екі апталық карантин енгізілгенін жазған болатынбыз.

Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, ел астанасы Пномпеньде барлық жекеменшік мектептер, мұражайлар және жақында ғана түрме басшысының әйелінен коронавирус анықталған қонақүй жабылған.

Сонымен бірге жарты ай бойы бір жерге 20 адамнан артық жиналуға болмайды. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының да жұмысы тоқтатылған.

Айта кеткен жөн Камбоджада коронавирустан өлім-жітім бір де бір рет тіркелмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887344-elimizde-tagy-770-adamnan-koronavirus-anyktaldy/