RU

Илон Маск 2026 жылы Марсқа адам жіберуге уәде берді

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Mike Windle/Getty Images for Vanity Fair

SpaceX бас директоры Илон Маск 2026 жылы өзінің компаниясы Марсқа адамдарды жібереді деген мәлімдеме жасады деп хабарлайды CNBС.

Масктың сөзінше, ол мақсатына шамамен алты жылдан соң жетеді.

"Егер біздің жолымыз болса, төрт жылдан кейін болуы мүмкін. Біз екі жылдан соң онда ұшқышсыз басқарылатын кеме жібергіміз келеді", - дейді миллиардер Берлинде өткен Аксель-Шпрингер марапатын табыстау салтанатында.

Кәсіпкер 2016 жылы қыркүйекте егер бәрі жақсы болса, Марсқа 10 жылдан соң адамдарды орналастыруымыз мүмкін деген болатын.

Бұл мақсатқа жетудің кілті - SpaceX-тің тот баспайтын болаттан жасалған Starship зымыранын жасауы болып отыр. Компания соның көмегімен Ай мен Марсқа жүктерді және бір мезетте 100 адамды тасымалдауды жоспарлауда.

Еске сала кетсек, бұған дейін өнертапқыш Илон Маск миды чиптеу жобасының барысымен бөліскен еді.

YouTube-тегі онлайн трансляция кезінде миллиардер миына чип енгізілген доңызды көпшілікке көрсеткен. Құрылғының көлемі тиындай ғана, диаметрі небәрі 8 миллиметр.

Доңыз бір затты иіскегенде құрылғы белгі беріп, тұмсығы тиген сайын ми имплантында импульстер тіркеліп отырады екен.

Сонымен бірге 16 қарашада Tesla компаниясының акциялары сауда-саттық аяқталғаннан кейін 15%-ға өскен. Ал 17 қарашада акциялар 8,2%-ға өсіп, нәтижесінде Илон Масктың байлығы 7,6 млрд долларға артып, 109,7 миллиард долларға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887385-ilon-mask-2026-zyly-marska-adam-ziberuge-ude-berdi/