Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер Кавасаки синдромын қалай анықтауға болатынын айтып берді

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: prime.md

Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасының гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева Кавасаки синдромын қалай анықтауға болатынын айтып берді деп жазады ҚазАқпарат.

Дәрігердің сөзінше, COVID-19-ға ұқсайтын ауру көпжүйелі қабыну синдромы деп аталады.

"Кавасаки синдромы сәуір айында пайда болды. Бұл балалардың иммундық жүйесінің қабынуынан болған. Кавасаки синдромы - бұл тамырға әсер ететін жүйелік ауру. Әсіресе, орташа және кіші диаметрлі артерияларға әсер етеді. Негізінде Кавасаки синдромы кішкентай балаларда жиі кездеседі.

Алайда аракідік ересектерде де байқалады. Аурудың этиологиясы вирустар, генетикалық бейімділік және аутоиммундық механизм. Десек те, бұл аурудың патогенезі толық зерттелмеген. Оның белгілеріне келер болсақ, дене қызуының көтерілуі, жөтел, қан қысымының төмендеуі, ішек ауруы, аяқ-қол ісінуі мүмкін, тыныс алу қиындайды, жүрек соғуы жиілейді", – дейді Ұлжалғас Өскенбаева.

Дәрігер бұл аурудың алдын алу үшін адам көп шоғырланатын орындарға бармау керектігін айтты.

"Егер адам көп жүретін жерге барып жатса міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған дұрыс. Одан бөлек баланы көпшілік орындарда тамақтандырмай тұра тұрған жөн. Бастысы, баланың иммунитетін көтеруге күш салу керек. Дұрыс тамақтану қажет", - дейді маман.

Айта кетейік, Қазақстанда Кавасакиге ұқсас синдромнан екі бала қайтыс болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Ақтөбеде созылмалы аурулары бар балалар жаппай тізімге алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1887406-driger-kavasaki-sindromyn-kalaj-anyktauga-bolatynyn-ajtyp-berdi/

pixel