Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда ғимараттың үстінде хоккей ойнап жүрген балалар жұрттың зәресін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде құрылысы аяқталмаған ғимарат төбесінде хоккей ойнап жүрген балалардың видеосы тарады. Осы жағдайға байланысты құзырлы мекеме пікір білдірді деп жазады Хабар 24.

15 шағын аудандағы құрылыс нысанының төбесінде хоккей ойнап жүрген кәмелетке толмаған балаларды жергілікті тұрғындардың видеоға түсіріп алғаны белгілі болды.

Аталған оқиға жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырған. Олар әлеуметтік желіде де балалардың қауіпсіздігі туралы кеңінен жазды. Оқырмандардың айтуынша, төбесіне мұз қатқан ғимараттың жиектері қоршалмаған.

Телеарна мәліметінше, осы жағдайға қатысты тәртіп сақшылары балалар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Ақпарды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Сонымен қатар, Ақтау қалалық полиция басқармасының ювеналды бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтаған.

"9 және 14 жастағы екі бала полицияға жеткізіліп, олардың ата-аналары шақыртылды. Олармен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Ата-аналарға кішкентай балалар қауіптілік дәрежесін объективті бағалай алмайтынын еске салғым келеді.

Ата-аналардың, білім беру мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана балалардың өзін-өзі сақтау инстинктін дамытып, қоғамда дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға болатынына сенімдімін", – дейді ведомсвтоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтау-Стамбул рейсімен ұшқан ұшақ жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлаған соң әуе кемесінің әуежайға қайта оралғанын жазған едік.

Сонымен қатар, Ақтауда кемені бөлшектеу үшін ашық теңізге аттанған жеті жұмысшыны ТЖД қызметкерлері құтқарып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887426-aktauda-gimaratty-stinde-hokkej-ojnap-zrgen-balalar-zrtty-zresin-syrdy-video/

pixel