Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ғашығының назарын аудармақ болған жас жігіт дүкен шатырынан секірмек болды (видео)

Опубликовано:

Жас жігіт шатырдан секірмек болды
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almaty

Алматыда 21 жастағы жігіт Райымбек көшесінде орналасқан дүкеннің шатырына шығып, секірмек болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_almaty парақшасында пайда болған.

Видеоны түсіріп тұрған ер адам жас жігіттің өзіне-өзі қол салмақ екенін айтқан.

ҚазАқпараттың қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға Райымбек пен Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы дүкендердің бірінде болған.

"21 жастағы жігіт дүкен төбесіне шығып, секіруге оқталған. Алайда, құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды. Жас жігіт осы дүкенде жұмыс істейтін ғашығының назарын аударғысы келген", - дейді ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек ҰР ҰК 105 бабымен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда қызымен ұрысып қалған 20 жастағы жігіт үшінші қабаттағы балконнан секіріп кеткен еді. Жас жігіт бір ажалдан аман қалып, ауруханаға жеткізілген болатын.

Сонымен бірге Павлодарда сүйіктісімен ұрысып қалған 22 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кеткенін жазған едік. Оны жұмыстан қайтып бара жатқан азамат құтқарып қалған.

Сондай-ақ Қарағандыда 13 жасар жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Әзірге жасөспірімнің мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887428-almatyda-gasygyny-nazaryn-audarmak-bolgan-zas-zigit-dken-satyrynan-sekirmek-boldy-video/

pixel