RU

Білікті маман коронавирустың күтпеген салдарын атады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова коронавирустың күтпеген салдарын атады деп жазады РИА Новости.

Оның сөзінше, коронавируспен ауырған адамның ағзасы ерте қартаюы мүмкін. Мұндай жағдайда адамның аурудың жеңіл не ауыр түрімен ауырғанына қарамайды дейді Анча Баранова.

Білікті маман қарашада айында коронавирус инфекциясының жеңіл әрі ауыр түріне шалдыққан науқастарды тексерген дәрігерлер қорытынды жариялағанын атап өтті.

"Науқастардың бәрі емді амбулаториялық жағдайда қабылдады. Алайда арасында ауруханаға жатқызылғандар да болды. Ең әлсіз түрімен ауырып шыққан науқастардың 70 пайызында кейбір ішкі организмдердің патологиясы байқалды. Бірақ бұл жүрек патологиясы емес, негізінен, майлы гепатоз (бауыр зардап шегеді) және ұйқы безі тінінің майлы дегенерациясы болды", - деді Анча Баранова.

Биологтың сөзінше, әдетте бұндай диагноз 60 жаста қойылады екен. Ал CОVID-19-бен ауырған адамдарда 40 жаста байқалады.

Ол коронавирус адамдардың қартаюын тездетеді деп отыр. Сондай-ақ, Анча Баранова мұндай зерттеулер көп жасалуы керек деген пікірде.

Еске сала кетсек, осыған дейін, ресейлік маман, микробиолог Сергей Иванов неліктен барлық адам коронавирус жұқтырмайтынын түсіндіріп берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887436-bilikti-maman-koronavirusty-ktpegen-saldaryn-atady/