RU

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт бағасы қанша

Екпе
Көрнекі фото: Smith Collection/Gado/Getty Images

Жамбыл облысының әкімі ОКҚ өткен онлайн брифингте коронавирусқа қарсы вацина шығаратын зауыт құрылысына қанша қаражат кететінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президент тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысы аумағында коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салынады. Құны шамамен 7 млрд теңге. Ол 6-дан 30 млн дозаға дейін вакцина шығаратын болады.

Мұнда тек коронавирусқа қарсы вакцина ғана шығарылмайды. Қазір зауыт бруцеллезге, дерматитке, құс тұмауына қарсы вакцина шығарып жатыр. Бұл жануарлардың да, адамдардың да иммунитетін арттыруға көмектесетін препараттар", - деді Бердібек Сапарбаев.

Бұған дейн ол Ғылыми-зерттеу институты базасындағы Гвардейский ауылында құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын айтқан. Жыл соңына дейін құрылысшылар зауыт салу жұмысын аяқтауды жоспарлап отыр. Ал қаңтар-ақпанда құрал-жабдықтарды монтаждау басталады.

"Шамамен наурызда вакцинаның үшінші клиникалық кезеңі аяқталған кезде вакцина шығару басталады", - деді әкім.

Еске салсақ, бұған дейін Сапарбаевтың тараздық 13 жастағы жетім баланы өз қамқорлығына алғанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімі білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізіп, аудан әкімдерінің жұмысын сынға алғанын жазған едік.

Айта кетсек, Бердібек Сапарбаев бұған дейін жас әкімдерге кеңес беріп, өзінің меншігінде не бар екенін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887448-kazakstanda-koronaviruska-karsy-vakcina-sygaratyn-zauyt-bagasy-kansa/