Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада сәбиін дәретханаға тастап кеткен көкек ана табылды

Опубликовано:

Кісенделген азаматша
Көрнекі фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында жер үйдің дәретханасына өз нәрестесін тастаған көкек ана ұсталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

2020 жылдың 1 желтоқсанында Қызылорда қаласындағы жер үйлердің бірінің ауласында дәретхана ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылған.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен (анасының жаңа туған баласын өлтiруi) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдікті азаматша анықталып, оқиғаның мән-жайы тексерілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы студент те жаңа туған сәбиін дәретханаға тастаған болатын. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, нәресте қатты салқын тигеннен көз жұмған.

Оқиға Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталов ауданы Жаңажол ауылында 23 қараша күні болған. Дәрігерлер ақпарынша, 19 жастағы қыз үйде дені сау баланы дүниеге әкелген. Ал кейінірек ол дәретханада өлі күйінде табылған. Анасы әзірге бұл әрекетке не үшін барғанын түсіндірмеген.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында екі бала мұздың астына түсіп кетіп көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Қайғылы оқиға 28 қараша күні Байзақ ауданы Үлгілі ауылының маңында орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887457-kyzylordada-sbiin-drethanaga-tastagan-azamatsa-tabyldy/

pixel