RU

"Жүз шақты мектепті араладым": Сапарбаев дәретханаларға камера орнату жайында айтты

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: pm.kz

Жамбыл обылысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі мектептердің дәретханаларына бейнебақылау камераларын орнату мәселесіне нүкте қойылғанын мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Дәретханасы сыртта орналасқан 285 мектеп болатын. Осы мектептердің бәрінің ішіне дәретхана орнаттық. Жүз шақты мектепті өзім барып тексердім. Барлық жерде тәртіп сақталған. Сол себепті президенттің бұл бағыттағы тапсырмасы орындалды деуге болады. Бейнебақылау камералары туралы да айтарым сол. Президент бүкіл мектепке бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырған еді. Барлық мектепке 100 пайыз бейнебақылау камералары қойылды", - деді Жамбыл обылысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша 8 млрд теңге сомаға 40 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Еске сала кетейік, өткен жылы Тараздағы кәмелетке толмаған қыз балаға азғындық әрекет жасаған 38 жастағы күдікті қолға түскен болатын. Кейіннен анықталғандай, кәмелетке толмаған қыз облыс орталығындағы №6 мектептің оқушысы болып шықты. Күдікті азғындық әрекетін мектептің даладағы әжетханасында жасаған.

Айта кетейік, бұған дейін Бердібек Сапарбаевтың Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жамбыл облысының әкімі бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, ұшақ оған жалға берілмегенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887480-zz-sakty-mektepti-araladym-saparbaev-drethanalarga-kamera-ornatu-zajynda-pikir-ajtty/