Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайындық жүріп жатыр

Опубликовано:

вакцина қазақстандық
Көрнекі фото: www.interfax.ru

Қазір Павлодар облысында халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайындық жүріп жатыр, ол келесі көктемде басталуы керек. Әзірге облыстағы дәрігерлерге арнайы тоңазытқыштармен қамдану керек екені ғана белгілі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство оларға ауруханаларға вакциналарды сақтауға арналған тоңазытқыш камералармен қамтамасыз ету тапсырылғанын айтты. Аймақ нақты техникалық сипаттаманы күтіп отыр, содан кейін олар қажетті жабдықты сатып алады. Сонымен қатар, халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқанының басталатын уақыты да белгілі.

"Денсаулық сақтау басқармасында осындай мұздатқыштар бар, саны – үшеу. Ол -25 градус және одан төмен температурада сақтауға арналған. Бізге нұсқау берілді. Ақпан айының соңына дейін біз бұл тоңазытқыш камераларды вакцинациялар өтетін барлық медициналық мекемелерге орнатылатындай етіп дайындауымыз керек.
Тиісінше, алғашқы бөлігі наурыз айында келеді, менің ойымша, наурыз-сәуірде тұрғындарды вакцинациялауды бастаймыз", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айдар Ситказинов.

Спикер нақты қай елдің вакцинасын қолданатыны туралы әлі белгісіз екенін түсіндірді. Ресеймен келіссөздер жүргізілуде, сонымен қатар, отандық препараттың сынақтары жүргізіліп жатыр. Сол себепті вакцинацияның болжамды құны да белгісіз.

Еске салсақ, Жамбыл облысының әкімі коронавирусқа қарсы вацина шығаратын зауыт құрылысына қанша қаражат кететінін айтты.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 770 адам тіркелген. Қазіргі уақытта ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 133 118-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887485-pavlodar-oblysynda-koronaviruska-karsy-vakcinaciaga-dajyndyk-zrip-zatyr/

pixel