RU

"Кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе": Павлодарлық бизнесменнің басы дауға қалды

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Билік өкіліне тіл тигізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам тәртіп сақшыларына бағынбағаны үшін жазаланып үлгергені белгілі. Сот шешімімен оған 55 мың теңге айыппұл салынды. Кәсіпкер өз кінәсін мойындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар облысының полиция бөліміне сілтеме жасап.

Әкімшілік іс материалдарынан белгілі болғандай, полицейдің ескерту беруге құқығы жоқ деп шешкен жүргізуші 21 қараша күні полиция қызметкерін балағаттаған. Бес күннен кейін оның әрекеті әкімшілік сотта қаралды. Кәсіпкер өзінің кінәсін мойындады.

"Полиция қызметкері құжаттарды тексеріп болғаннан кейін қауіпсіздік белдігін тағуды сұраған кезде жүргізуші оған дөрекі түрде жауап берген. Бұдан былай ол бұған жол бермеуге міндеттеледі", – делінген әкімшілік іс материалдарында жүргізушінің түсініктемесінде.

Алайда, тәртіп сақшылары өз қызметкеріне тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғауға шешім қабылдады. Санкция 220 мың теңгеге дейін айыппұл салуды немесе 20 тәулікке қамауға алуды көздейді.

Еске салсақ, Павлодар облысындағы блок-бекеттің бірінде екі полицейдің адам жоқ кезде уақытты қалай өткізіп жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан қызметкерлердің күлкілі әрекеттерін аңғаруға болады. Жігіттер "Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кейбір қимылдарды көрсеткен.

Оған қоса, Қарағандыда полицейге қарыз болған әйел өз-өзіне қол салды. 17 қараша күні Можайский көшесіндегі үйлердің бірінде суицид жасаған әйелдің денесі табылды. Қайтыс болған әйел өлер алдындағы хатында полиция қызметкерін кінәлап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887501-kimmen-sjlesip-trganydy-bilesi-be-pavlodarda-ksipkerdi-basy-dauga-kaldy/