Елімізде бір тәулікте тағы 769 адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 769 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram арнасы.
Қазақстанда өткен тәулікте 769 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 41
Алматы қаласы - 72
Шымкент қаласы - 5
Ақмола облысы - 89
Ақтөбе облысы - 5
Алматы облысы - 24
Атырау облысы - 31
Шығыс Қазақстан облысы - 140
Жамбыл облысы - 15
Батыс Қазақстан облысы - 34
Қарағанды облысы - 21
Қостанай облысы - 82
Қызылорда облысы - 2
Маңғыстау облысы - 5
Павлодар облысы - 99
Солтүстік Қазақстан облысы - 97
Түркістан облысы - 7
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 133 887-ге жетті.
Еске сала кетсек, WhatsApp мессенджерінде алдағы уақытта Қазақстанның аумағында екі апталық локдаун енгізілетіні туралы хабарлама тарап жатыр. Онда, тіпті азық-түлік дүкендері де жабылып, дәріханалар ғана бұрынғы режимде жұмыс істейтіні айтылған. Алайда бұл кезекті жалған ақпарат.
Сонымен бірге, Жамбыл облысының әкімі ОКҚ өткен онлайн брифингте коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт құрылысына қанша қаражат кететінін айтты.
"Президент тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысы аумағында коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салынады. Құны шамамен 7 млрд теңге. Ол 6-дан 30 млн дозаға дейін вакцина шығаратын болады", - дейді Бердібек Сапарбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887553-elimizde-bir-tulikte-tagy-769-adamnan-koronavirus-anyktaldy/