Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы дүңгіршектерінің бірінде самса үстінде жүрген егеуқұйрық елді шошытты (фото)

Опубликовано:

Самса
Фото: instagram.com/kazakhpress

Әлеуметтік желіде Алматы қаласында түсірілген видео тарап кетті. Кадрлардан дүңгіршектердің бірінде егеуқұйрықтың самса үстінде жүргенін байқауға болады. Бұған қатысты оңтүстік астана санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауап берді.

Ролик Instagram желісіндегі kazakhpress тобында пайда болды. Видео авторы "Саяхат" автовокзалынан самса сатып алмауға кеңес береді. Кадрларда тамақ тұрған дүңгіршекте жүгіріп жүрген егеуқұйрықты байқауға болады.

Tengrinews.kz ақпарынша, бұған қатысты қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Сәдуақас Байғабылов жауап берген.

Дүңгіршек "Мерей" сауда орталығы аумағында орналасқан. Ол жұмысшылар дүңгіршек ішінде құралдарды бөлшектеу жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта жұмыс істемейді.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Астана қаласының базарында көгершіндер мен қарғалар сыртта тұрған етті шұқып отырған видео кеңінен тарап кеткен еді.

"Көгершінді "қанатты егеуқұйрық" деп атауға болады, ол - әртүрлі ауруларды тасымалдаушы. Мұнда қарға да бар екен", - дейді видеоны түсіріп тұрған адам.

Бірнеше сағаттан кейін оған қатысты Астана (қазір - Нұр-Сұлтан) қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы жауап берген.

"Сатушыға 20 АЕК айыппұл салынды. Ет өнімі сатылымнан алынды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес екенін тексеру үшін еттен үлгілер алынды. Демалыс аяқталғаннан кейін олар сараптамаға жіберіледі", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887574-almatyda-dgirsekti-birinde-samsa-stinde-zrgen-egeukjryk-eldi-sosytty-foto/

pixel