RU

Елімізде доллар бағамы күрт төмендеді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде доллар бағамы күрт төмендеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан қор биржасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, биржадағы таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 422,66 теңгені құраған. Осылайша, бір тәулікте "америкалық" валюта 2,61 теңгеге арзандады. Ал доллардың ресми бағамы 3 желтоқсанда 425,49 теңгені құрады.

NUR.KZ парақшасындағы айырбастау курсына сәйкес, Алматыда айырбастау пункттерінде тұрғындар үшін 1 долларды сатып алу құны 423.90-дан 425.50 теңгеге дейін жеткен. Ал сату құны 420,60 - 422,50 теңгені құрап тұр.

Нұр-Сұлтанның айырбастау орындары болса, "америкалық" валютаны сізге 424 - 425,50 теңгеге сатуға әзір. Ал сатып алу құны - 420,60 теңгеден 421,50 теңгеге дейінгі аралықты қамтуда.

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақстандық белгілі астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасаған болатын.

Әбдірайымова желтоқсандағы өзгерістерді Айдың және Күннің тұтылуымен байланыстырып отыр.  

"30 қараша күні Айдың тұтылуына куә болсақ, 14 желтоқсанда Күннің тұтылуын тамашалаймыз. Бұл астрономиялық құбылыстар бізге қалай әсер етеді?! Ең алдымен, күнделікті, бірқалыпты тірлігіміз өзгереді. Эмоцияға, сезімге көп берілеміз, интеллект пен ішкі түйсік басым түседі. Сенімсіздік пен мазасыздық күшейеді. Жылдың алғашқы жартысында жаңа дос тауып, жұмыс орнын, тұратын жерімізді немесе тағы басқа дүниелерді өзгертуіміз ықтимал", - деді астролог.

Маманның сөзінше, желтоқсан айы күтпеген өзгерістерге толы. Мысалы, біреу аяқасты байып шыға келсе, енді бірі банкротқа ұшырап, жиған-тергенінен қапелімде айырылып қалуы ғажап емес.

Сонымен қатар, осы жылдың бірінші желтоқсанынан бастап елімізде не өзгеретінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887640-elimizde-dollar-bagamy-krt-tmendedi/