RU

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: Іс бойынша 51 адам айыпталуда

Сот отырысы
Фото: NUR.KZ

Бүгін Тараздағы тергеу изоляторында жыл басында Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қылмыстық жауапкершілікке 51 адам тартылған. Оның 33-і қамауда, 16-ы кепілмен босатылған, тағы екеуі ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Отырысқа қорғаушылар, қосымша қорғаушылар мен зардап шегушілер де қатысуда. Барлығы ПТР тестін тапсырған.

Іс бойынша төрағалық етуге судья Айдарбек Замбаев тағайындалған.

Сот отырысы басталмас бұрын судьяға бес адам қарсылық білдірді, олардың төртеуі кейінірек одан бас тартты. Бірақ сотталушылардың бірі (Кибаев) наразылық білдіруін жалғастыруда.

Оның айтуынша, ол бұлтартпау шарасын қамауға алудан кепілдікке ауыстыру туралы өтініш берген. Айыпталушының мұндай өтінішіне қарт аурушаң анасы мен мүгедек қызының бар болуы себеп болған.

Сот шағымды қарау себептерінің болмауына байланысты өтінішхатты қабылдамады. Отырыс кезінде № 4 блоктағы айыпталушылардың біріне дәрігерлерің көмегі қажет болған. Ер адамда астма ұстамасы болғаны анықталды.

Сот отырысы
Фото: NUR.KZ

Сотталушылар жаппай тәртіпсіздіктерге, кісі өлтіруге және кісі өлтіруге оқталуға, қаруды заңсыз беру, алуға және алып жүруге, қарақшылық шабуылға, жаппай тәртіпсіздікке шақыруға, меншікке қарсы қылмыстарға қатысқаны үшін, ал біреуі ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық жасағаны үшін айыпталуда.

Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік биыл ақпан айында болған еді. Ауылдастар арасында болған жанжалдан 11 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген еді. Төтенше жағдай салдарынан 20 коммерциялық нысан, 39 тұрғын үй мен 47 автокөлік жанып кеткен.

Жамбыл облыс басшысының баспасөз қызметі хабарланғандай, 7 ақпаннан 13 ақпанға дейін бір аптаның ішінде Қырғызстанға 23 131 адам кетіп қалған.

Тәртіпсіздіктің салдарын жою үшін 250 адам мен 53 техника бірлігі тартылып, 680 тонна құрылыс қалдықтары шығарылған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1887650-kordajdagy-zappaj-trtipsizdik-is-bojynsa-51-adam-ajyptaluda/