Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банк Хоум Кредиттен «Otbasy Jana Jyly»

Жарияланған күні:

Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны
Фото: Банк Хоум Кредит

Көптен күткен отбасылық жарқын мереке – Жаңа жылға бар болғаны бірнеше апта қалды. Көпшілік бұл мейрамда ең алдымен не күтеді? Әрине, сыйлықтар! Банк Хоум Кредит сыйлықтың көптігі артық болмайтынын ескеріп, өзінің барлық клиентіне сыйлық жасауды ұйғарды!

Осылайша, 2020 жылдың 1 желтоқсаны мен 2021 жылдың 17 қаңтары аралығында «Банк Хоум Кредит» өз клиенттеріне бір емес, бірнеше бағыттан тұратын «Otbasy Jana Jyly» атты акциясын дайындады. Акция аясында қазақстандықтар бағалы сыйлықтар ұтып алатын мүмкіндіктерге ие болады. Оның ішінде керемет смартфондар, «сыйлыққа» несиелер, техника сатып алуға арналған сертификаттар, тіпті, көлік те бар!

Одан бөлек, акцияның барлық қатысушылары біздің серіктесіміз – Яндекс компаниясынан кепілдендірілген сыйлықтар алады. Атап айтар болсақ, Яндекс.Плюске жазылу арқылы КиноПоиск HD онлайн кинотеатрына және Яндекс.Музыканың жаңа қолданушыларына 90 күнге, сондай-ақ, Яндекс.Плюс рәсімделген қолданушыларға бір жылға 30 пайыз жеңілдік болмақ.

Акцияға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алу үшін акция жүргізілетін 2020 жылдың 1 желтоқсаны мен 2021 жылдың 17 қаңтары арылығында банк клиенті атанып, акцияға салынған өнімдердің бірін қолдану керек. Мәселен, Home Card дебеттік картасын немесе бөліп төлеуге арналған Dos кредиттік картасын немесе банк бөлімшесінде, мобильдік қосымшада немесе сайт арқылы несие рәсімдей аласыз. Осылайша, сіз бірнеше құнды сыйлықтар ойнатылымына қатыса аласыз.

Жеңімпаз сыйлығы клиенттің қандай банк өнімін рәсімдегеніне байланысты болмақ, ең бастысы, бұл сыйлықтың жалғыз болмайтыны анық. Бірнеше бағытта белсенді болу арқылы сіз жеңіске жететін мүмкіндігіңізді арттыра түсесіз. Тағы да айта кетерлігі – акция талаптарының басым бөлігін үйден шықпай-ақ, мобильді қосымшада орындай аласыз!

«Биыл біз жылдағы дәстүр бойынша жаңа жылдық бір ғана акциямен шектелмей, біздің клиенттерімізге бірнеше мүмкіндік беруді жөн көрдік. Осылайша, олар түрлі сыйлықтар ұтып ала алады. Оның үстіне, 1 клиент бірден бірнеше акцияға қатысып, өзінің жеңіске жететін мүмкіндігін арттыра түседі. Сыйлық саны көп болған сайын мереке де жарқын болмай ма?!», - деп атап өтті банктің баспасөз қызметі.

Акцияның сипаттамасы жазылған барлық мәліметтер мен онда қатысатын өнімдерді сайт сілтемесінен көруге болады.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887704-bank-houm-kreditten-otbasy-jana-jyly/