Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шуда букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасалды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: polisia.kz

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Шу ауданындағы букмекерлік кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ауданның екі тұрғынын ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, Шу ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне сағат таңғы 04:30-да хабарлама түскен.

Хабарламада белгісіз тұлғалардың букмекерлік кеңсеге кіріп, қорқыту арқылы кассирден ақша алып кеткені айтылған.

Тергеу барысында жас жігіттердің пластикалық терезе арқылы букмекерлік кеңсеге заңсыз кіріп, кассирді белгісіз қарумен қорқытып, 773 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденгені белгілі болған.

Осыдан кейін олар белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстаған.

Олар бұрын сотты болған Жамбыл облысының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты. Жауап алу барысында ұсталғандар кінәсін мойындаған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабының 3-бөлігімен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Еске салсақ, бұған дейін полицейлер Шу ауданында тұратын жергілікті кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі тұрғынды тұтқындаған еді.

Сонымен қатар Алматы қаласының тәріп сақшылары ломбардқа жасалған қарулы қарақшылық шабуылдың жолын кескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1887726-sudagy-bukmekerlik-kesege-karuly-sabuyl-zasaldy-video/

pixel