Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздық дәрігерлер сырға жұтып қойған 3 жасар баланы аман алып қалды

Опубликовано:

Ота жасап жатыр
Көрнекі фото: piqsels.com

Тараздық дәрігерлер сырға жұтып қойған 3 жасар балаға сәтті ота жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ата-анасы бір сәтте шашалып, ауа жетпей, жағдайы қиындаған баланы алып келген.

Тоқтаусыз құсып, әлсіреп, денесі құрғай бастаған бүлдіршінді дәрігерлер рентгенге түсіріп, асқазанындағы бір кедергінің барын анықтап, соның әсерінен оның жағдайы қиындап бара жатқанын байқаған.

Хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты балалар хирургы Эльбрус Салпағаров көп ойланбастан, шұғыл эндоскопиялық отаны бастап кеткен.

Анасының айтуынша, бала үйінде ойнап отырып, жерден сырға тауып алып, жұтып қойған көрінеді. Эльбрус Салпағаровтың шұғыл әрекеті арқасында балақайдың тамағындағы сырға сәтті алынып, ол дұрыс демалып, мазасызданғаны лезде басылған.

"Бала ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Ішкен асын кері қайтарып, әбден мазасы қашқан. Бозарып, тамақ пен су іше алмағасын, денесі құрғай бастаған. Ата-анасының рұқсатын алып, ота шұғыл түрде жасалды.

Сәтті аяқталды, баланың қазіргі жағдайы жақсы, тамақ пен сусын ішіп жатыр. Менің 30 жылға жуық жұмыс тәжірибемде осыған ұқсас жағдайлар көп ұшырасады", – дейді Эльбрус Салпағаров.

Сәтті өткен отадан соң тез-ақ өзіне келген кішкентай пациенттің ата-анасы баласының өмірін аман алып қалған дәрігерлерге алғысын жаудырды.

Дәрігерлер ата-аналардан барынша сақ болып, балаларын қараусыз қалдырмай, оларға көбірек уақыт бөлуді және ұсақ заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою керектігін ескертеді.

Еске салсақ, бұған дейін көкшетаулық дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалған еді.

Оған қоса, шымкенттік дәрігерлер шеге жұтып қойған үш жасар балаға жедел түрде жабық ота жасап, бүлдіршінді құтқарып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887728-tarazdyk-drigerler-syrga-ztyp-kojgan-3-zasar-balany-aman-alyp-kaldy/

pixel