Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теңіз" кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны қайта артты

Опубликовано:

Жұмысшылар
Көрнекі фото: ken-zhyloi.kz

"Теңіз" кеніші жұмысшыларының арасында коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан артып келеді. Атырауда COVID-19-бен тіркелгендердің 80 пайызы - осы кәсіпорынның жұмысшылары. Мамандар жағдайға алаңдаулы деп хабарлайды Астана арнасы

Атырауда короновирустық инфекцияның 2 қарашада 31 жағдайы тіркелсе, оның 23-і Теңіз кенішінің жұмысшылары болып отыр.

Дәрігерлер COVID-19 вахтаға жұмысқа келген және қайтар алдында жүргізілген скринингтердің нәтижесінде анықталып жатқанын, барлығында дерлік ауру белгілері байқалмайтынын айтады.

Қазір тоғыз ошақта инфекция жұқтырғандар тіркелген.

"Сүлеймен" вахталық қалашығында көп тіркелуде. "Инженеринг компанинг" деген компанияның вахталық қалашықтарында. 5-тен көп ауру тіркелген жерлерде, ошақтарда індетке қарсы қаулы шығарылып, карантин енгізілді. 23 ауру 9 ошақтан шығып отыр", - дейді Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнәз Ербатырова.

Жағдайға байланысты аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық мамандары кеніште індеттің алдын алу шараларын бастап кеткен. Қазір кәсіпорын аумағындағы инфекциялық стационарда 102 адам ем қабылдауда.

"Теңізшевроил" компаниясяның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір өндіріс аумағында алдын алу жұмыстары қауырт жүруде.  

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың алғашқы толқынында "Теңіз" кенішіндегі жұмысшылар жаппай ауру жұқтырған еді

Тіпті кәсіпорын карантинге жабылып, өндіріс аумағынан 20 мыңға тарта жұмысшы шығарылған болатын.

Б. Нәдірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887748-teiz-kenisinde-koronavirus-zktyrgandar-sany-kajta-artty/

pixel