RU

Өткен тәулікте тағы 819 қазақстандықтан коронавирус анықталған

Бетперде1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 дертін жұқтырған тағы 819 адам тіркелген деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 88

Алматы қаласы - 64

Шымкент қаласы - 9

Ақмола облысы - 90

Ақтөбе облысы - 9

Алматы облысы - 25

Атырау облысы - 28

Шығыс Қазақстан облысы - 137

Жамбыл облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 41

Қарағанды облысы - 23

Қостанай облысы - 85

Маңғыстау облысы - 4

Павлодар облысы - 106

Солтүстік Қазақстан облысы - 90

Түркістан облысы - 5

Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 134706.

Сонымен қатар өткен тәулікте 639 адам індеттен жазылған. Жалпы ел бойынша жазылғандар саны 118 643-ге жетіп отыр.

Сондай-ақ, 3 желтоқсанда Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Кубатбек Боронов Бішкектегі ауруханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау саласындағы дереккөздер Бороновтың COVID-19 жұқтырғанын және пневмония анықталғанын айтады.

Экс-премьер-министрдің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Сонымен бірге "Теңіз" кеніші жұмысшыларының арасында коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан артып жатқаны хабарланды. Атырауда COVID-19-бен тіркелгендердің 80 пайызы осы кәсіпорынның жұмысшылары.

Дәрігерлер коронавирус вахтаға жұмысқа келген және қайтар алдында жүргізілген скринингтердің нәтижесінде анықталып жатқанын, барлығында дерлік ауру белгілері байқалмайтынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887756-tken-tulikte-tagy-819-kazakstandyktan-koronavirus-anyktalgan/