RU

"3 қап ақшаны алып кеткен": Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасалғаны жайлы ақпарат тарады

Пышақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жаңаөзенде пышақпен қаруланған төрт белгісіз адамның инкассатор көлігіне шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болды. Шабуылдаушылар қашып үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Yedilov Online Telegram-каналының мәліметіне сенсек, оқиға 3 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 40-та Көктем шағын ауданындағы банк инкассациясы кезінде болған.

"Қылмыскерлер бұған дейін жиналған үш қаппен мен жалпы сомасы 62 532 542 теңгені құрайтын банктік мультикассетаны, 19 696 АҚШ долларын (8 345 711 теңге - ред. ескертпесі), 495 450 рубльді (2 816 279 теңге - редактордың ескертпесі) иемденді" , - делінген видеоның сипаттамасында.

Дереккөздің ақпарынша, инкассаторлардың бірі (жүргізуші) ақ түсті Нексияға 5 рет оқ атқан. Алайда шабуылдаушылар қашып үлгеріпті.

Telegram-канал қалалық полиция басқармасының "Ұстау" операциясын бастап кеткенін де жазған.

Айта кетейік, аталмыш факті бойынша құзырлы орган әлі ешқандай ресми пікір білдірмеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Шу ауданындағы букмекерлік кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған еді.

Тергеу барысында жас жігіттердің кассирді белгісіз қарумен қорқытып, 773 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп кеткені белгілі болды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталған.

Сонымен қатар Алматы қаласының тәріп сақшылары ломбардқа қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстаған болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1887759-zaazende-inkassatorlarga-karaksylar-sabuyldagany-turaly-akpar-tarady-3-kap-aksa-tonalgan/