Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда полицейлерге қарсылық көрсеткен караоке күзетшісі қамауға алынды

Опубликовано:

Микрофон
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен караоке-клубтың күзетшісі екі тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қараша күні Қарағанды қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері сағат 23:15-те шектеу шараларын бұзған караоке-клубты анықтаған.

Көңіл көтеру орнын тексеру кезінде 26 жастағы күзетші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы 1-тармағы негізінде ("Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған материал соттың қарауына жіберілген.

3 желтоқсан күні Қарағандының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен тәртіп бұзушы екі тәулікке қамауға алынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда 60 жастағы тұрғынды зорлаған ер адамға үкім шыққанын хабарлаған едік. Енді сотталушы 6,5 жылын темір торда өткізеді.

Сонымен бірге 22 қарашада Қарағандыда 13 жастағы жасөспірімнің тоғызыншы қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз. Алған жарақаттарынан жеткіншек оқиға орнында көз жұмған. Жасөспірімнің мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз.

Айта кетейік, Қарағанды әкімінің орынбасары болған Жақсылық Шалабековке қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Ол 107 млн теңге жымқырды деп айыпталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887773-karagandyda-policejlerge-karsylyk-krsetken-karaoke-kzetsisi-kamauga-alyndy/

pixel