RU

Алматы коронавирус бойынша "сары" аймақтан шықты

Тәжвирус карантин
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Ведомствода Алматы қаласы инфекцияның таралу қарқынына байланысты "сары" аймақтан шыққанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алматы кешеден бері "жасыл" аймақта", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Айтуынша, қала 27 қарашадан бастап "сары" аймақта болған.

"Бүгінде бізде СҚО, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары "қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан мен Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта", - деді Байтанаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисте қатаң локдаун енгізіледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан еді.

"Бірден айтайын, Алматыда ешқандай карантин болмайды. Бұл деректердің қайдан шыққанын білмеймін, бұл қауесет тез таралып жатыр", – деді әкім Almaty Invest форумы аясында.

Сонымен қатар Сағынтаев қаланың бас санитар дәрігерінің барлық шектеу шараларын міндетті түрде орындау керегін жеткізді.

"Біз пандемиямен күресу үшін қаланы жаппауымыз керек. Алдымызға ондай мақсат қойған жоқпыз. Біз оны бастан өткердік, біз оған қанша күш жұмсалғанын білеміз.

Бұл экономикалық тұрғыдан қалаға ғана емес, елге де қатты соққы болды. Бүгін біз карантин жариялаймыз. Алайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық талаптарын орындамасақ, онда біз қаланы жабуға мәжбүр боламыз", – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Ал өткен тәулікте елде COVID-19 дертін жұқтырған тағы 819 адам тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887828-almaty-koronavirus-bojynsa-sary-ajmaktan-sykty/