Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоғамдық дау үшін тартты": Қызылорданың экс-әкімі өз кінәсін мойындаған жоқ

Опубликовано:

Қуанышбек Ысқақов
Фото: strategy2050.kz

№2 қалалық сотта алаяқтық туралы іс бойынша Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов қорытынды сөз сөйледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өңірдің экс-әкімі екі күн бойы үзіліспен сотта сөз сөйледі. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ.

Ең алдымен Қуанышбек Ысқақов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңнаманы бұза отырып тергеу жүргізгенін атап өтті. Шенеуніктің айтуынша, сотта қоластындағылардың ешқайсысы Арыс қаласын қалпына келтіру үшін "Сыр мейірімі" қорынан 80 млн теңге аудару туралы тапсырма бергенін растамаған.

Ысқақов бұл іске бүкіл республикаға үлкен дау үшін тартылған болуы мүмкін деп санайды. 80 млн теңгеге келетін болсақ, аудиторлық фирманы және сот-экономикалық сараптаманы тексеру нәтижелері бойынша аталған қаражат қолма-қол ақшаға түспеген және құрылыс компанияларының шоттарынан шығарылған. Олар толығымен мақсатына сай қолданылған. 8 ай ішінде тергеу қордан қандай қаражат ұрланғанын анықтай алмаған.

"Облыс әкімі лауазымына тағайындалған кезде менің мойнымда көп жұмыс болды. Арыс қаласына қатысты барлық мәселемен менің орынбасарым Имандосов айналысты", - деді бұрынғы әкім.

Айта кетейік, осыған дейін №2 қалалық сотында өткен кезекті сот отырысында прокурор аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып жатқан Қуанышбек Ысқақовты 8 жыл бас бостандығынан айыруды, cондай-ақ мемлекеттік органдарда, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігінен айыруды сұрады.

Сонымен қатар үй қамақты бас бостандығынан айыруға ауыстыру, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу де ұсынылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік айыптаушы "Құрмет"орденін қоса алғанда, барлық мемлекеттік ордендер мен наградалардан айыруды сұрады.

Сондай-ақ прокурор Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы екі орынбасары Марат Делмұханов пен Мұрат Имандосовты Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі (Қатысушылық) және 190 бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп тануды және әрбірін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887872-kogamdyk-dau-sin-tartty-kyzylordany-eks-kimi-z-kinsin-mojyndagan-zok/

pixel