Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық зейнеткер баласының емделуіне көмектескен полицей туралы айтты

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы қызметтік көлігінің жанында
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғыны баласының еміне көмек көрсеткен полиция қызметкеріне алғыс айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қарасу аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын Татьяна Алпысбаева келіп, учаскелік инспектор Бақытбек Хамидуллинге алғысын білдірген.

Тәртіп сақшысының бірнеше жыл бойы зейнеткердің отбасына көмектесіп келгені белгілі болды.

70 жастағы зейнеткер 45 жастағы жұмыссыз ұлымен бірге тұрады екен. Алайда баласы жиі ішімдік ішіп, ұрыс шығаратын көрінеді. Қария осындай сәтте бірден учаскелік полиция қызметкерін шақырған

Ведомство мәліметінше, зейнеткер полиция капитаны Бақытбек Хамидуллиннен ұлын алкогольден мәжбүрлеп емдеуге көмектесуін сұраған. Тәртіп сақшысы барлық жағдайды біліп, оны назардан тыс қалдырмаған.

"Бақытбек Хамидуллин қысқа мерзімде өзінің "қамқорлығындағы" ер адамды маскүнемдіктен емдеу үшін барлық қажетті құжаттарды жинап, облыс орталығына наркологқа апарды. Материалдар сотқа жіберіліп, енді ауыл тұрғыны жарты жыл бойы Қостанай қаласында емделетін болады. 70 жастағы зейнеткер тәртіп сақшысына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді", делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін отандық танымал тележүргізуші өзін аяққа тұрғызған адамға алғыс айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887895-kostanajlyk-zejnetker-balasyny-emdeluine-kmektesken-policej-turaly-ajtty/

pixel