Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ағзаларды алу және транпслантациялау ережелері бекітілді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрі ағзаларды және тіндерді алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке транпслантациялау қағидалары мен шарттарын бекітті. Құжат денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тиісті құжатқа сәйкес, он сегіз және одан жоғары жастағы, іс-әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыста болатын және онымен тіндік үйлесімдігі бар, кейінгі транспланттау үшін ағзаларды және тіндерді алуға нотариат куәландырған жазбаша келісімін білдірген адам ағзаның және тіндердің тірі кезіндегі донор бола алады.

"Транспланттау орталықтарына жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық қөмек ұсыну үшін жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады", - делінген құжат мәтінінде.

Сонымен қатар, трансплантаттау үшін тірі кезіндегі донордан алынуы денсаулықтың біржола бұзылуына алып келмейтін жұп ағзаның бірі, ағзаның бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін екендігі айтылды.

Операция алдында донор бұйрықтың қосымшасына сәйкес кешенді медициналық тексеруден өтуі керек.

Құжаттың толық мәтінін сілтемеге өтіп, оқуға болаты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық белгілі дәрігер адам ағзаларын заңсыз сатты деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Еске салсақ, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов танымал отандық трансплантолог Ғани Құттымұратовтың ісіне қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887902-kazakstanda-agzalardy-alu-zne-transplantattau-erezeleri-bekitildi/

pixel