Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласында үш жеткіншек бейтаныс адамға шабуыл жасаған (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында 32 жастағы ер адамды үйіне қайтып келе жатқанда бұзақылар жабылып ұрып-соққан деп хабарлайды Қазақпарат.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғын өзін әлдекімдердің соққыға жыққанын айтып, шағымданған.

Жәбірленушінің сөзінше, үш жасөспірім оның соңынан жүріп, қасақана төбелеске шақырыпты.

Содан кейін ұрып-соғып, жасырынып қалғаны да айтылды.

Жедел-іздеу шарасы барысында бұзақылар қолға түскен.

Ведомство бейтаныс адамға шабуыл жасаған кәмелетке толмаған үш жігіт полицияға жеткізілгінін хабардар етті.

Сонымен қатар, балалардың заңды өкілдері де шақырылыпты.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Одан бөлек, балалардың заңды өкілдері де ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-тармағы "Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы" бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Үш жігітті ювеналды полиция инспекторлары бақылауға алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жаңаөзенде пышақпен қаруланған төрт белгісіз адамның инкассатор көлігіне шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Yedilov Online Telegram-каналының мәліметіне сенсек, оқиға 3 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 40-та Көктем шағын ауданындағы банк инкассациясы кезінде болған.

"Қылмыскерлер бұған дейін жиналған үш қаппен мен жалпы сомасы 62 532 542 теңгені құрайтын банктік мультикассетаны, 19 696 АҚШ долларын (8 345 711 теңге - ред. ескертпесі), 495 450 рубльді (2 816 279 теңге - редактордың ескертпесі) иемденді" , - делінген видеоның сипаттамасында.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Шу ауданындағы букмекерлік кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1887910-nr-sltan-kalasynda-s-zetkinsek-bejtanys-adamga-sabuyl-zasagan-video/

pixel