RU

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ауа райын болжаушылар алдағы уақытта Қазақстанның аумағында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, 5-7 желтоқсан күндері еліміздің көптеген өңірінде аяз болмақ.

"Орталығы Самара үстінде орналасқан антициклон сілемі жақын күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын анықтайтын болады. Ол аязды ауа райын алып келеді, негізінен жауын-шашынсыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен, кей жерлерде қар жауып, боран соғады және жел күшейеді деп күтіліп отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақстандық белгілі астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасаған болатын.

Әбдірайымова желтоқсандағы өзгерістерді Айдың және Күннің тұтылуымен байланыстырып отыр.  

"30 қараша күні Айдың тұтылуына куә болсақ, 14 желтоқсанда Күннің тұтылуын тамашалаймыз. Бұл астрономиялық құбылыстар бізге қалай әсер етеді?! Ең алдымен, күнделікті, бірқалыпты тірлігіміз өзгереді. Эмоцияға, сезімге көп берілеміз, интеллект пен ішкі түйсік басым түседі. Сенімсіздік пен мазасыздық күшейеді. Жылдың алғашқы жартысында жаңа дос тауып, жұмыс орнын, тұратын жерімізді немесе тағы басқа дүниелерді өзгертуіміз ықтимал", - деді астролог.

Маманның сөзінше, желтоқсан айы күтпеген өзгерістерге толы. Мысалы, біреу аяқасты байып шыға келсе, енді бірі банкротқа ұшырап, жиған-тергенінен қапелімде айырылып қалуы ғажап емес.

Сонымен қатар, осы жылдың бірінші желтоқсанынан бастап елімізде не өзгеретінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887912-elimizde-demalys-knderi-aua-rajy-kandaj-bolady/