RU

Ресей - Украина шекарасында қарулы қақтығыс болды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы айтты
Көрнекі фото: piqsels.com

Жұма күні Ресей-Украина шекарасында атыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚК) хабарламасына сілтеме жасап.

"Ресей ФҚК шекара басқармасының Белгород және Воронеж облыстары бойынша учаскесінде шекара жасағы ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Украинадан Ресей Федерациясына шекараны бұзып өтпек болған үш қарулы азаматты тоқтатты", - делінген ведомство хабарламасында.

ФҚК ақпаратына сәйкес, қамауға алу кезінде тәртіп бұзушылар қарулы қарсылық көрсеткен. Жауап ретінде атылған оқ салдарынан олардың бірі өмірге сәйкес келмейтін жарақат алды, екеуі Украина аумағында қашып кетті.

Жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Ведомствода басқа мәліметтер айтылған жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстаған еді.

Жалпы Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша үздіксіз жұмыс жасауда. Мәселен, Сарыағаш АПБ-нің полицейлері шекара бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі заңсыздыққа жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады.

Осындай кезекті жұмыс күнінде Қазақстаннан Өзбекстанға өтіп жатқан азамат күмән тудырып, полицейлер оны тоқтатады. Тексеру кезінде оның қалтасынан полиэтилен пакетке оралған,  ерекше хош иісі бар есірткі затына ұқсас зат табылды. Белгілі болғандай, күмән тудырған ер азамат Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Ол қалтасындағы есірткімен Өзбекстанға өтпек болған.  

Аталған дерек, СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу  мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887913-resej---ukraina-sekarasynda-karuly-kaktygys-boldy/