RU

ҚМДБ мұсылмандарға арналған 2021 жылдың діни мерекелер кестесін бекітті

Мешіт
Фото: giusepperussophoto.it

2021 жылда болатын діни мейрамдар кестесі бекітілді. Мұсылмандар мерекелерінің тізімі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланды.

Cайтта хабарланғандай, келер жылға арналған діни мерекелердің кестесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

ҚМДБ жариялаған кестеге сәйкес, Миғраж түні 10-11 наурызда, ал Бараат түні 28-29 наурызға түседі. марта. Қасиетті Рамазан айы 14 сәуір күні басталып, 12 мамырда аяқталады. Ал барша мұсылман қауымы асыға күтетін Қадыр түні 9 мамырдан 10-на қараған түні болмақ.

Қазақстандықтар Ораза айтты 2021 жылы 13 мамырда тойласа, Құрбан айтты шілде айының 21-22-сі күндері атап өтеді.

Қажылықтың соңғы күні саналатын Арапа күні 2021 жылы 19 шілдеге түседі. Ал Ашура күні 19 тамыз күні болып өтпек.

Мұхаммед пайғамбардың туған күніне арналған Мәуліт мерекесі 18-19 қазанда болады.

2021 жылдың діни күндер кестесі
2021 жылдың діни күндер кестесі. Фото: muftyat.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887940-kmdb-msylmandarga-arnalgan-2021-zyldy-dini-merekeler-kestesin-bekitti/