Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жергілікті тұрғын төрт әйелді өлтірген: Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс болды

Опубликовано:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бурабай елді мекенінің тұрғыны төрт әйелді өлтірді. Қайғылы жағдай түнде орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 5 желтоқсан, түнгі сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапқаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары Бурабай кентінің бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғынын қолға түсірген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте пышақтап өлтіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1887962-zorlyk-belgileri-bar-akmola-oblysyny-trgyny-trt-jeldi-ltirgen/

pixel