RU

Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың ақпарат жарияланды

күдікті
Көрнекі фото: www.arnapress.kz

5 желтоқсанға қараған түнде Ақмола облысы Бурабай ауданында болған төрт әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылған.

Қайтыс болғандардың бірі - 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды.

Сыныптасының айтуынша, 41 жастағы әйел соңғы кезде жиі алкоголь ішетін болыпты. Оның артында 20 және 13-тегі екі қызы қалған.

Пәтерде Вераның тағы екі танысының мәйіті табылды. Олардың біреуі Қарағандыдан келіп, жергілікті қонақүйде немесе дүкенде жұмыс істеген екен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

5 желтоқсан, түнгі сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапқаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары Бурабай кентінің бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғынын қолға түсірген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1887978-burabajdagy-trt-jeldi-limine-katysty-ty-akparat-zarialandy/