Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында туристер мінген автобус қар құрсауында қалды

Опубликовано:

автобус
Фото: Облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында қар құрсауында қалған туристерге көмек көрсетілді. 29 адамнан тұратын туристер тобы Ақмешіт шатқалында «Yutong» автобусымен тұрып қалған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін 112 басқару пультіне күндізгі сағат 15:00 шамасында туристерге көмек қажет екендігі туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына ТЖД мен «SPiASR» мекемесінің 4 қызметкері арнайы техникамен, «LEB» 4 қызметкері 1 техникамен шыққан.

«Туристер тұрып қалған жерге грейдер көлігі жіберіліп, күндізгі сағат 16:25-те автобус қар үйіндісінен шығарылды. Олар өз бағыттарымен әрі қарай жүріп кетті. Оқиға орнында зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», - делінген хабарламада.

Ал осы оқиға туралы Александр Цой есімді адам Facebook-тегі парақшасында Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт тау шатқалы маңында 29 туристің автобуспен қар құрсауында қалғанын жазған.

Өзі де сол автобуспен саяхаттап жүргенін айтқан ол жергілікті төтенше жағдай қызметін үш сағат бойы күтіп тұрғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында қара жұмысқа жегілген оқушы қолынан айырылғаны туралы жазған едік. Оқыс оқиға Ордабасы ауданындағы кірпіш зауытында болған.

Оқиға болған күні зауыт жұмыс істеп тұрған. Жеткіншек байқаусызда қара лентаның үстіне құлап, кесек үгітетін станоктың арасында қолы қысылып қалып, оқыс жағдайға тап болған.

9-сыныпта оқитын жасөспірім қолынан айырылғалы бері төсек тартып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887999-trkistan-oblysynda-turister-mingen-avtobus-kar-krsauynda-kaldy/

pixel